Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 30 наурызда № 9842 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімінің 28.06.2021 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес әкім ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Федоров ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою бойынша басшы болып Федоров ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. "Федоров ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 23 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратылады.

      Аудан әкімі Т. Исабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады