Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облыстық мәслихатының 23.02.2021 № 10/2-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексі 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі туралы" Заңы 6-бабының 1-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Облыстық мәслихаттың (ІІ сайланған ХХІV сессиясы) 2002 жылғы 30 желтоқсандағы "Облыс қалалары мен аудандары жерлерін аймақтарға бөлу жобалары (сұлбалары) туралы" N 94/24 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімде 2003 жылғы 22 қаңтарда N 1600 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағының 1-тармақшасы (Павлодар қаласы (N 1 қосымша) жойылсын.
2. Осы шешiм алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Сессия төрағасы | А. Касицин |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | Р. Гафуров |