Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №328/4 және Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2021 жылғы 28 сәуірдегі №31/4 "Екібастұз қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" бірлескен қаулысымен шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 292/4 бірлескен қаулысы және Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 116/18 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 мамырда № 27929 болып тіркелді

      Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 328/4 және Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 31/4 "Екібастұз қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7284 болып тіркелген) бірлескен қаулысы мен шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "2. Жеңілдікке құқықты растайтын құжат болған кезде Екібастұз қаласы азаматтарының мынадай санаттарына қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүру белгіленсін:

      1) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      2) басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      3) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;

      4) 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда, оқшаулау және қоныс аудару аймақтарынан Қазақстан Республикасына эвакуацияланған (өз еркімен кеткен) адамдарға;

      5) мүгедек балаларға;

      6) бірінші және екінші топтағы мүгедектерге;

      7) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға;

      8) бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға;

      9) орта білім беру ұйымдарында оқитын балаларға.".

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Кантарбаев
      Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысы Б. Куспеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады