Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 10 қазандағы № 246 "Ақтоғай ауданының ұйымдарына мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 333 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 23 желтоқсанда № 25959 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес, Ақтоғай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтоғай ауданы әкімдігінің "Ақтоғай ауданының ұйымдарына мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2016 жылғы 10 қазандағы № 246 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5259 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтоғай ауданының әкімі К. Арынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады