Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабы 2–тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Баянауыл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы "Баянауыл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" № 376/67 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7173 болып тіркелген, 2021 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрде эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"1. Баянауыл ауданында жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын:
Баянауыл ауылының Мұхтар Әуезов көшесі бойынша орналасқан Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған ескерткіш алаңы. Жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толу нормасы – екі жүз адам.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылық, азаматтардың өтініш-шағымдарын қабылдау және аграрлық мәселелер мен экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Баянауыл аудандық мәслихатының сессия төрайымы | А. Какимова |
Баянауыл аудандық мәслихатының хатшысы | Т. Қасен |