Железин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Железин аудандық мәслихатының "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 519/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7171 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын.
"1. Железин ауданында жиналыс, митинг түрінде бейбіт жиналыстарды өткізуді ұйымдастыру үшін мамандандырылған орын:
Железинка ауылы, Тәуелсіздік көшесі бойынша орналасқан Құдайберген Әлсейітов атындағы аудандық мәдениет үйінің алдындағы алаң. Жиналыс, митинг нысанындағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толтырылу нормасы - екі жүз адам.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Железин аудандық маслихатының сессия төрағасы | Е. Волкова |
Железин аудандық мәслихатының хатшысы | П. Лампартер |