Железин ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 519/6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 8 қаңтарда № 7171 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1 - қосымшасына сәйкес Железин ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес Железин ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп және азаматтардың өтініштері мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Железин аудандық маслихатының сессия төрағасы Е. Ракишев
      Железин аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушысы А. Сергазин

  Железин аудандық
мәслихатының
2021 жылғы 8 қаңтардағы
№ 519/6 шешіміне
1 - қосымша

Железин ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және
өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру
және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың
шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және
өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және
ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Железин ауданында жиналыс, митинг түрінде бейбіт жиналыстарды өткізуді ұйымдастыру үшін мамандандырылған орын:

      Железинка ауылы, Тәуелсіздік көшесі бойынша орналасқан Құдайберген Әлсейітов атындағы аудандық мәдениет үйінің алдындағы алаң. Жиналыс, митинг нысанындағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толтырылу нормасы - екі жүз адам.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 28.04.2021 № 23/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Демонстрациялар, шерулер нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін маршрут:

      Железин ауылының Дәрі Асанов көшесі (Желтоқсан көшесінен Квитков көшесіне дейін). Шекті толу нормасы - сексен адам.

      3. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі:

      1) өтініште көрсетілген уақыт ішінде арнайы орын аумағында болу;

      2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;

      3) санитариялық нормалар мен қауіпсіздік техникасының қағидаларын, Қазақстан Республикасының қоғамдық құқық тәртібін сақтау жөніндегі заңнамасын сақтау.

      4. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:

      1) көше жарықтандыруының болуы;

      2) бейнебақылау камераларының болуы;

      3) тұрақ орындарымен қамтамасыз етілуі.

  Железин аудандық
мәслихатының
2021 жылғы 8 қаңтардағы
№ 519/6 шешіміне
2 - қосымша

Железин ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда -Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 15.02.2024 № 94/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Пикеттеуді мынадай объектілердің іргелес жатқан аумақтарының шекарасынан 800 метр қашықтықта:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда жүргізуге жол берілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады