Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин ауданы Прииртышск ауылдық округі әкімінің 22.09.2021 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 1-13/225 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Железин ауданы Прииртышск ауылдық округінің Үрлітүб ауылының "Урлютюб" шаруа қожалығы аумағында жануарлардың құтыру ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Прииртышск ауылдық округінің әкімі | К. Баужанов |