Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы "Павлодар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" № 80/375 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 3/30 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 22 сәуірде № 7258 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы "Павлодар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" № 80/375 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7157 болып тіркелген, 2021 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Павлодар ауданында жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын:

      Кемеңгер ауылында Тәуелсіздік көшесі, 30 бойынша Мәдениет үйі ғимаратының алдында орналасқан алаң. Жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толу нормасы - 80 адам.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар аудандық мәслихатының сессия төрағасы Д. Корепанов
      Павлодар аудандық мәслихатының хатшысы А. Шайхимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады