Жер телімдеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар ауданы Мичурин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 1-0301 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 4 мамырда № 7268 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес, Мичурин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар ауданы Мичурин ауылдық округінің Госплемстанция ауылының аумағында жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынбай қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мичурин ауылдық округінің әкімі О. Копенов

  Мичурин ауылдық
округі әкімінің
2021 жылғы 26 сәуірдегі
№ 1-0301 шешіміне
қосымша

Р/с№

Пайдаланушы

Ауданы, гектар

Нысалы мақсаты

Пайдалану мерзімі (жыл)

Жер телімінің орналасқан жері

1

"Қазақтелеком" акционерлік қоғамы

0,0128

Кабельдік кәрізді жүргізу мен пайдалану үшін

10

Госплемстанция ауылы, Мичурин ауылдық округі, Павлодар ауданы

2

"Қазақтелеком"акционерлік қоғамы

0,0176

Кабельдік кәрізді жүргізу мен пайдалану үшін

10

Госплемстанция ауылы, Мичурин ауылдық округі, Павлодар ауданы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады