Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 510-бабының 1-тармағына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 наурыздағы "Шарбақты ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" № 237/71 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6783 болып тіркелген, 2020 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында:
қосымшаның тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Шарбақты ауданының жер салығының мөлшерлемелері";
"Жерлердің орналасу аймақтары" бағанындағы "2" деген сандар алынып тасталсын;
"Арттыру пайызы" бағанындағы "+40%" деген белгілері мен сандары алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының бюджет және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шарбақты аудандық мәслихатының сессия төрағасы | С. Фоменко |
Шарбақты аудандық мәслихатының хатшысы | Н. Кизатов |