Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 367 "Алматы қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

II сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс VII сессиясының 2021 жылғы 29 қаңтардағы № 11 шешiмi. Алматы қаласы Әдiлет департаментінде 2021 жылғы 3 ақпанда № 1684 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 13-бабына сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 367 "Алматы қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1206 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қазанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған шешімнің кіріспесі келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және халықтың едәуір осал топтарын қорғау мақсатында, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      1-тармақта:

      келесі мазмұнда 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

      6) "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқасымен марапатталған көпбалалы аналар.";

      2-тармақта:

      3) тармақша жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "3) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңының 11-бабы 1-тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлерге;";

      келесі мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды алып жүретін адамдарға.".

      2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында және Алматы қаласы мәслихатының интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының көлік және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Е.З. Талбидиновке жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      VII сайланымның Алматы қаласы мәслихатының
кезектен тыс II сессиясының төрағасы,
мәслихат хатшысы
С. Канкуров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады