Алматы қаласының аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 2/262 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2021 жылғы 5 мамырда № 1701 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы "Өсімдіктер карантині туралы" Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, карантиндік объектілердің түрлері бойынша аудандар бөлінісінде Алматы қаласының аумағында карантин режимін енгізе отырып, жалпы ауданы 52,9 гектар жерге карантин аймағы белгіленсін.

      2. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және ресми интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.С. Қиқымовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Сагинтаев

  Алматы қаласының әкімі
2021 жылғы 5 мамырдағы
№ 2/262
Қаулысына қосымша

Алматы қаласының аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин
аймағын белгілеуге арналған карантиндік нысандардың тізбесі

Қала аудандары бойынша карантиндік объектілердің таралу ошақтары

Карантиндік объектілердің түрлері бойынша залалданған жер көлемі, (гектар)

Карантиндік зиянкестің түрі

Карантиндік аурудың түрі

Жұпсыз жібек көбелегі - Lymantria dispar L

Жеміс ағаштарының бактериялық күйігі - Erwinia amylovora (Burill) Winslow etal

1

Бостандық ауданы, барлығы:

10

9,9

Оның ішінде "Тұңғыш Президент" саябағы Дулати даңғылы, 1/2

10

1,9

"Алмалы корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, мекенжайы: Әйтеке би/Панфилов көшесінің қиылысы 62/94, ошақтың орналасқан жері - Президент резиденциясының бағы

0

8,0

2

Медеу ауданы, барлығы: "Медеу" Мемлекеттік өңірлік табиғи паркі

20

0

Оның ішінде ошақтың орналасқан жері: "Бутаковка" шағын ауданы

10

0

"Экопост"

5

0

"Көпір"

5

0

3

Түрксіб ауданы: "Медеу" Мемлекеттік өңірлік табиғи паркі Оның ішінде ошақтың орналасқан жері: Баум саябағы

13

0


Алматы қаласы бойынша барлығы:

43

9,9


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады