Алматы қаласы мәслихатының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 147 "Алматы қаласы бойынша іске асыруға жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс IV сессиясының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 31 шешiмi. Алматы қаласы Әдiлет департаментінде 2021 жылғы 5 мамырда № 1702 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 14 мамырдағы № 115

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 14.05.2024 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, VІІ сайланымның Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы қаласы мәслихатының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі№ 147 "Алматы қаласы бойынша іске асыруға жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1404 болып тіркелген, 2017 жылғы 21 қыркүйекте "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласы бойынша іске асыруға жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі:

      келесі мазмұндағы реттік нөмірі 18-жолмен толықтырылсын:

      "

18.

Алматы қаласының жол трафигінің қауіпсіздігі мен талдауының зияткерлік жүйесі

Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы

      ".

      2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында және интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының стратегиялық жоспарлау, бюджет және тиімділік жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А.Е. Білісбековке жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы мәслихатының
кезектен тыс IV сессиясының төрағасы,
мәслихат хатшысы
С. Канкуров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады