Қазақстан Республикасының "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8 бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларының 8 тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген), Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақ қауданды қырыққабат" әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағасы 30 күнтізбелік күн мерзімге бір килограмм үшін 83 теңге мөлшерінде бекітілсін.
2. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.С. Қиқымовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Б. Сагинтаев |