Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабы 4-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 48/13 шешіміне (2020 жылғы 19 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6585 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімге 1-қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат сессиясының төрағасы |
Б. Жалгасбаев |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы |
В. Бубенко |
Солтүстік Қазақстан | |
облыстық мәслихаты | |
2021 жылғы 17 наурыздағы | |
№ 3/7 шешіміне | |
қосымша | |
Солтүстік Қазақстан облыстық | |
мәслихатының 2020 жылғы | |
7 қазандағы № 48/13 | |
шешіміне 1-қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде қосымша тегін берілетін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер, медициналық бұйымдар
№ | Дәрілік заттардың, арнайы емдік өнімдердің, медициналық бұйымдардың атауы | Аурулардың халықаралық жіктемесі 10 – қайта қарау бойынша аурулардың тобы | Аурулардың синонимдері және атаулары | Дәрілік заттарды тағайындау үшін көрсетімдер (дәрежесі, сатысы, ауыр ағымы) | Халық санаты |
1 | ТоцилизумабАдалимумаб |
Жүйелі басталуы бар жасөспірімдік артрит | Ювенильді идиопатиялық артрит жүйелік нұсқа | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
2. | Тобрамицин, урсодезоксихол қышқылы, арнайы емдік өнімдер |
Зат алмасуының бұзылуы | Кисталық фиброз, аралас түрі (муковисцидоз) | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
3. | Риоцигуат |
Өкпелік бастапқы гипертензия | Идиопатикалық өкпе артериясының гипертензиясы, тұқымқуалаушылық өкпе артериясының гипертензиясы | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
4. | Ритуксимаб |
Дәнекер тіннің жүйелік зақымданулары | Вегенер гранулематозы | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
5. | Кабозантиниб |
Бүйрек қалқанынан басқа, бүйректің қатерлі ісіктері | Бүйректің қатерлі ісіктері | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
6. | Экулизумаб |
Ұстамалы гемоглобинурия, түнгі (Маркиафавтар-Микели) | Ұстамалы гемоглобинурия, түнгі (Маркиафавтар-Микели) | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
7. | Вигабатрин, Клобазам |
Эпилепсия | Эпилепсия | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
8. |
Дексапантенол. |
Көпіршікті эпидермолиз | Буллезді эпидермолиз | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
9. | Валганцикловир |
Балалардың бауыр трансплантациясы, бауыр фиброзы және циррозы | Балалардың бауыр трансплантациясы, бауыр фиброзы және циррозы | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
10. | Тобрамицин |
Туа біткен бронхоэктазия | Туа біткен бронхоэктазия | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
11. | Арнайы емдік өнімдер |
Орталық генез кахексиясы | Орталық генез кахексиясы | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |