Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 33/5 "Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 17 наурыздағы № 3/5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 30 наурызда № 7196 болып тіркелді Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 21/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 28.09.2022 № 21/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 33/5 шешіміне (2015 жылғы 5 мамырда "Солтүстік Қазақстан" және "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3232 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Қағидалардың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды, тасымалдауды, уақытша ұстауды және жоюды облыстың жергілікті атқарушы органы құрған ветеринария саласындағы қызметтерді жүзеге асырушы мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (аудандар мен Петропавл қаласының ветеринариялық станциялары) (бұдан әрі - Ұйым) жүзеге асырады".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихат сессиясының төрағасы
Б. Жалгасбаев
      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы
В. Бубенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады