Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2021 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 17 наурыздағы № 3/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 31 наурызда № 7197 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" кодексінің 569-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5675 болып тіркелген) негізінде Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2021 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы
Б. Жалгасбаев
      Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының
хатшысы
В. Бубенко

  Солтүстік Қазақстан
  облыстық мәслихаты
  2021 жылғы 17 наурыздағы
  № 3/3 шешіміне
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысының жерүсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2021 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері

Р/с №

Өзен бассейндері

Арнайы су пайдалану түрі

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері, теңге

1

Есіл өзенінің бассейні

Тұрмыстық-пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1000 текше метр

142,01

2

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса алғанда

теңге/1000 текше метр

393,45

3

Ауыл шаруашылығы

теңге/1000 текше метр

111,75

4

Су көздерінен су тартуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге/1000 текше метр

111,75

5

Гидроэнергетика

теңге/1000 киловатт/сағат

39,58

6

Су көлігі

тенге/1000 көліктік километр

11,64


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады