Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2021 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № 15 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7113 болып тіркелді) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"2021 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін, ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басына арналған жемшөп шығындарының құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидия алушыларға қойылатын өлшемшарттарын және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы";
көрсетілген қаулының преамбуласы жаңа редакцияда жазылсын:
"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелді) бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2021 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін";
көрсетілген қаулы мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2021 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басына арналған жемшөп шығындарының құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидия алушыларға қойылатын өлшемшарттарын және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері бекітілсін";
көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
|
К. Аксакалов
|
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
|
Солтүстік Қазақстан |
|
облысы әкімдігінің |
|
2021 жылғы 9 желтоқсандағы |
|
№ 276 қаулысына |
|
1-қосымша |
|
Солтүстік Қазақстан |
|
облысы әкімдігінің |
|
2021 жылғы 2 ақпандағы |
|
№ 15 қаулысына |
|
1-қосымша |
2021 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№
|
Субсидиялау бағыты
|
Өлшем бірлігі
|
Субсидияланатын көлемі
|
Субсидиялар көлемі, мың теңге
|
|
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы
|
1.
|
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:
|
|
|
|
1.1
|
Ірі қара малдың тауарлық аналық басы
|
Бас/шағы-лыстыру маусымы
|
13 000
|
130 000,0
|
1.2
|
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы
|
18 000
|
270 000,0
|
2.
|
Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу
|
Сатып алынған бас
|
626
|
93 900,0
|
3.
|
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу
|
Сатып алынған бас
|
|
|
3.1
|
Отандық
|
1 000
|
150 000,0
|
3.2
|
Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған
|
498
|
149 400,0
|
4.
|
Тұқымдық шығу тегіне сәйкес келетін ірі қара малдың импортталған аналық басын сатып алу
|
5 000
|
750 000,0
|
5.
|
Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал соятын ет өңдеуші
кәсіпорындарға өткізілген немесе
ауыстырылған ірі қара малдың еркек
дарақтарының (оның ішінде сүтті
және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату
|
Тірідей салмағы, килограмм
|
575 000
|
115 000,0
|
|
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы
|
1.
|
Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу
|
|
|
|
1.1
|
Қос жынысты
|
Сатып алынған доза
|
4 400
|
22 000,0
|
2.
|
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:
|
Сатып алынған бас
|
|
|
2.1
|
Отандық
|
330
|
66 000,0
|
2.2
|
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған
|
500
|
112 500,0
|
2.3
|
Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған
|
2 367
|
946 800,0
|
3.
|
Сүт өндіру құнын арзандату:
|
|
|
|
3.1
|
Бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылықтар
|
Өткізілген немесе өңделген килограмм
|
50 566 667
|
2 275 500,0
|
3.2
|
Бағымдағы сиырларының саны
400 бастан басталатын шаруашылықтар
|
14 382 500
|
431 475,0
|
3.3
|
Бағымдағы сиырларының саны
50 бастан басталатын шаруашылықтар
|
9 100 000
|
182 000,0
|
3.4
|
Ауыл шаруашылығы кооперативі
|
16 000 000
|
320 000,0
|
4.
|
Шаруа (фермер) қожалықтарында
және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сүтті және сүтті- етті бағыттағы ірі қара малдың аналық
басын қолдан ұрықтандыру бойынша
көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерлік
орталықтарды субсидиялау
|
Ағымдағы жылы ұрықтандырылған бас
|
4 600
|
23 000,0
|
|
Етті құс шаруашылығы
|
1.
|
Құс етін өндіру құнын арзандату
|
|
|
|
1.1
|
500 тоннадан басталатын нақты өндіріс
|
Өткізілген килограмм
|
600 000
|
30 000,0
|
|
Жұмыртқалы құс шаруашылығы
|
1.
|
Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу
|
Сатып алынған бас
|
1 611 240
|
96 674,4
|
2.
|
Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату (2022 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады)
|
2.1
|
100 миллион данадан басталатын нақты өндіріс
|
Өткізілген дана
|
158 346 333
|
190 015,6
|
2.2
|
50 миллион данадан басталатын нақты өндіріс
|
48 000 000
|
52 800,0
|
2.3
|
20 миллион данадан басталатын нақты өндіріс
|
45 000 000
|
45 000,0
|
|
Қой шаруашылығы
|
1.
|
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
|
Бас/ шағылыстыру маусымы
|
|
|
1.1
|
Қойлардың асыл тұқымды аналық басы
|
9 500
|
38 000,0
|
1.2
|
Қойлардың тауарлық аналық басы
|
4 000
|
10 000,0
|
2.
|
Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу
|
Сатып алынған бас
|
5 330
|
79 950,0
|
|
Жылқы шаруашылығы
|
1.
|
Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырларды сатып алу
|
Сатып алынған бас
|
7
|
700,0
|
|
Шошқа шаруашылығы
|
1.
|
Асыл тұқымды шошқаларды сатып алу
|
Сатып алынған бас
|
1 300
|
182 000,0
|
2.
|
Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу
|
Бас/ шағылыстыру маусымы
|
4 518
|
180 720,0
|
|
Облыс бойынша жиыны
|
|
|
6 943 435,0
|
Жергілікті бюджеттен бөлінген бюджет қаражаты есебінен:
|
1.
|
Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату
|
|
|
|
1.1
|
Ауыл шаруашылығы жануарларының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату (50 бастан 400 басқа дейінгі сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара малдың аналық басы)
|
Бас
|
4 500
|
180 000,0
|
1.2
|
Ауыл шаруашылығы жануарларының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату (400 бастан басталатын сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара малдың аналық басы)
|
14 000
|
1 120 000,0
|
1.3
|
Ауыл шаруашылығы жануарларының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату (50 бастан басталатын ірі қара мал)
|
12 250
|
428 750,0
|
2
|
Ауыл шаруашылығы жануарларының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату (50 бастан басталатын шошқалар)
|
4 760
|
119 000,0
|
3
|
Ауыл шаруашылығы жануарларының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату (50 бастан басталатын жылқылар)
|
4 000
|
32 000,0
|
4
|
Ауыл шаруашылығы жануарларының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату (50 бастан басталатын қойлар)
|
8 000
|
24 000,0
|
5.
|
Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату
|
Килограмм
|
60 000
|
3 600,0
|
|
Жергілікті бюджеттің бюджеттік қаражат жиыны
|
|
|
1 907 350,0
|
|
ЖИЫНЫ
|
|
|
8 850 785,0
|
|
Солтүстік Қазақстан |
|
облысы әкімдігінің |
|
2021 жылғы 9 желтоқсандағы |
|
№ 276 қаулысына |
|
2-қосымша |
|
Солтүстік Қазақстан |
|
облысы әкімдігінің |
|
2021 жылғы 2 ақпандағы |
|
№ 15 қаулысына |
|
2-қосымша |
2021 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басына арналған жемшөп шығындарының құнын арзандату бағыты бойынша нормативтер, өлшемшарттар, өтінім беру мерзімдері
№
|
Бағыты
|
Өлшем бірлігі
|
Норматив, мың теңге
|
Өлшемшарттар
|
Өтінімді беру мерзімдері
|
1.
|
Ірі қара мал
|
|
|
|
ағымдағы жылғы 1 желтоқсаннан 20 желтоқсанға
дейін
|
1.1
|
Сүтті және сүтті-етті бағыттағы аналық басы (50 бастан 400 басқа дейін)
|
Бас
|
40,0
|
1) жасы 18 айдан кемінде 50 аналық мал басының болуы;
2) Өтінімді берген сәтте САТЖАҚ-да және
АЖБ-да сатып алынған мал басын тіркеудің
болуы және деректердің сәйкестігі
|
1.2
|
Сүтті және сүтті-етті бағыттағы аналық басы (400 бастан)
|
Бас
|
80,0
|
1) жасы 18 айдан кемінде 400 аналық мал басының болуы;
2) Өтінімді берген сәтте САТЖАҚ-да және
АЖБ-да сатып алынған мал басын тіркеудің
болуы және деректердің сәйкестігі
|
1.3.
|
Ірі қара малдың аналық басы (50 бастан)
|
Бас
|
35,0
|
1) жасы 18 айдан кемінде 50 аналық мал басының болуы;
2) Өтінімді берген сәтте САТЖАҚ-да және
АЖБ-да сатып алынған мал басын тіркеудің
болуы және деректердің сәйкестігі
|
2.
|
Шошқаның аналық басы (50 бастан)
|
Бас
|
25,0
|
1) жасы 12 айдан кемінде 50 аналық мал басының болуы;
2) Өтінімді берген сәтте САТЖАҚ-да және
АЖБ-да сатып алынған мал басын тіркеудің
болуы және деректердің сәйкестігі
|
3.
|
Жылқының аналық басы (50 бастан)
|
Бас
|
8,0
|
1) жасы 36 айдан кемінде 50 аналық мал басының болуы;
2) Өтінімді берген сәтте САТЖАҚ-да және
АЖБ-да сатып алынған мал басын тіркеудің
болуы және деректердің сәйкестігі
|
4.
|
Қойдың аналық басы (50 бастан)
|
Бас
|
3,0
|
1) жасы 12 айдан кемінде 50 аналық мал басының болуы;
2) Өтінімді берген сәтте САТЖАҚ-да және
АЖБ-да сатып алынған мал басын тіркеудің
болуы және деректердің сәйкестігі
|
Ескертпе:
САТЖАҚ - селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қоры;
АЖБ - ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор.