Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 және 31 - баптарына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Петропавл қаласында тұрақты тіркелген азаматтардың мынадай санаттарына Петропавл қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру түріндегі жеңілдік белгіленсін:
1) 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға;
2) 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;
3) 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балаларға;
4) 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған заңды өкілдердің біріне;
5) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
6) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
7) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
8) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға;
9) саяси қуғын-сүргін құрбандарына, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдарға;
10) бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көп балалы отбасыларға (заңды өкілдердің біріне);
11) атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан аз қамтылған отбасыларына (заңды өкілдерінің біріне);
12) атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан көп балалы және аз қамтылған отбасыларынан шыққан мектеп жасындағы балаларға.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 30.05.2023 № 695 және Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 30.05.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысы мен шешімімен.2. Жоғарыда көрсетілген азаматтар санаттарына тегін жол жүру құқығын беретін тегін дербестендірілген жеңілдікті карталар берілсін.
3. "Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жоғарыда көрсетілген жолаушылар санаттарын тасымалдауға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын өтеуді қарастырсын.
4. Қалалық бюджет қаржыландыру көзі болып белгіленсін.
5. "Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" және "Петропавл қаласы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен Петропавл қаласы әкімдігінің қаулысы мен Петропавл қалалық мәслихатының шешімін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен Петропавл қаласы әкімдігінің қаулысы мен Петропавл қалалық мәслихатының шешімін ресми жариялағаннан кейін Петропавл қаласы әкімдігінің және Петропавл қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
6. Осы бірлескен Петропавл қаласы әкімдігінің қаулысы мен Петропавл қалалық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
7. Осы бірлескен Петропавл қаласы әкімдігінің қаулысы мен Петропавл қалалық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.