Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 631 қаулысына және "Петропавл қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Петропавл қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына тегін жол жүру түріндегі жеңілдікті белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 1 бірлескен шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 30 мамырдағы № 695 қаулысы және Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 2023 жылғы 30 мамырдағы № 4 бірлескен қаулысы мен шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 6 маусымда № 7523-15 болып тіркелді

      Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Петропавл қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 631 қаулысына және "Петропавл қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Петропавл қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына тегін жол жүру түріндегі жеңілдікті белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 1 бірлескен шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7389 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1 тармақта:

      1), 2), 3), 4) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға;

      2) 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;

      3) 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балаларға;

      4) 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған заңды өкілдердің біріне;".

      2. "Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі және "Петропавл қаласы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Петропавл қаласы әкімдігінің осы бірлескен қаулысын және Петропавл қаласы мәслихатының шешімін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) Петропавл қаласы әкімдігінің осы бірлескен қаулысын және Петропавл қаласы мәслихатының шешімін ресми жариялағаннан кейін Петропавл қаласы әкімдігінің және Петропавл қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Петропавл қаласы әкімдігінің Осы бірлескен қаулысының және Петропавл қаласы мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Петропавл қаласы әкімдігінің осы бірлескен қаулысы және Петропавл қаласы мәслихатының шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл қаласының әкімі Р. Аңбаев
      Петропавл қалалық мәслихатының төрағасы А. Бердағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады