Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Ивановка ауылдық округі Ивановка ауылы халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Ивановка ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Ивановка ауылдық округі Ивановка ауылының келесі көшелері:
Комсомол көшесі Панфилов көшесі;
Буденный көшесі Евней Бөкетов көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Ивановка ауылдық округінің әкімі |
Н. Журов |