Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31наурыздағы № 5-23-13 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Елецкий ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 11 ақпандағы № 7-2-4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 16 ақпанда № 7127 болып тіркелді Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 18.05.2022 № 7-18-19 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 18.05.2022 № 7-18-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 484 және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 40/5"Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Елецкий ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 5-23-13 шешіміне (2014 жылғы 22 мамырда "Бірінші сөз" және "Первое слово" аудандық газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2766 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық мәслихаты
II сессиясының төрағасы
А. Кожахметов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық мәслихатының
хатшысы
Г. Абулкаирова

  Айыртау аудандық мәслихатының
  шешіміне қосымша
  2021 жылғы 11 ақпандағы
  № 7-2-4
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Айыртау аудандық мәслихатының
  2014 жылғы 31 наурыздағы
  № 5-23-13 шешіміне
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Елецкий ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Елецкий ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Елецкий ауылдық округінің Айыртау ауылының тұрғындарына

12

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Елецкий ауылдық округінің Елецкий ауылының тұрғындарына

28

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Елецкий ауылдық округінің Колесниковка ауылының тұрғындарына

4

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Елецкий ауылдық округінің Междуозерное ауылының тұрғындарына

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады