Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 20.11.2023 № 8-9-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Айыртау аудандық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 25 қарашадағы № 6-47-17 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6741 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында (бұдан әрі-қағидалар):
қазақ тіліндегі кағидалардың 12-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"12.Әлеуметтік көмек осы Қағидалардың 3-қосымшасының 17) тармағында көрсетілген негізде санаторий-курорттық емдеу құны мөлшерінде жылына бір рет көрсетіледі";
Кағидалардың 12-тармағы орыс тілінде өзгеріссіз қалдырылсын;
кағидалардың 1-қосымшаның 5-жолының екінші бағаны "15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні" қазақ тілінде жаңа редакцияда жазылсын:
"Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда); оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер; Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер";
кағидалардың 1-қосымшаның 5-жолының екінші бағаны "День вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан -15 февраля" орыс тілінде өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихаты V сессиясының төрағасы |
А. Кожахметов |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының хатшысы |
Г. Абулкаирова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
___________________ Қ.Ақсақалов
2021 жылғы " " _________