Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қарашадағы № 8-9-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 23 қарашада № 7631-15 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін (бұдан әрі-Қағидалар).

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші осы шешімнің қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешіммен бекітілген Қағидалардың 6-тармағының 8) тармақшасы 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады деп белгіленсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының төрағасы Г.Абулкаирова

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Айыртау аудандық мәслихатының
  2023 жылғы 20 қарашадағы
  № 8-9-2 шешімімен бекітілді

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексі, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына (бұдан әрі - Үлгі қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпарациясы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпарация)- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелегенсанаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Солтүстік Қазахстан облысы Айыртау ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша статистика органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі-алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек.

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      7) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

      8) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      9) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін тиісті ауылдық округ әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 21.08.2024 № 8-18-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Осы Қағидалар Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы аумағында тұрақты тұратын және тіркелген адамдарға таралады.

      4. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделгенәлеуметтік қолдау шаралары осы Ережелерде айқындалғантәртіппен көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек біржолға және (немесе) мерзімді түрде (ай сайын, жылына 1 рет) көрсетіледі.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      6. Мереке күндері мен атаулы күндерге әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың мынадай санаттарына жылына 1(бір) рет көрсетіледі:

      1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне: бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (бұдан әрі – КСР Одағы) үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы КСР Одағы ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда) – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда, 2024 жылғы 15 ақпанға орай Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығырылуының 35 жылдығын мерекелеуге байланысты-50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда, 2024 жылғы 15 ақпанға орай Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығырылуының 35 жылдығын мерекелеуге байланысты- 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда, 2024 жылғы 15 ақпанға орай Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығырылуының 35 жылдығын мерекелеуге байланысты-50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда, 2024 жылғы 15 ақпанға орай Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығырылуының 35 жылдығын мерекелеуге байланысты- 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған жұмысшылар мен қызметшiлерге – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда, 2024 жылғы 15 ақпанға орай Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығырылуының 35 жылдығын мерекелеуге байланысты- 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне –35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 2024 жылғы 15 ақпанды қоспағанда, 2024 жылғы 15 ақпанға орай Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығырылуының 35 жылдығын мерекелеуге байланысты- 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиісті санаттардағы жұмысшылар мен қызметшілеріне – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жаралану, контузия алу, мертігу, ауру салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1986– 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алғандар, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы– 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне:

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) Қорғаныс министрлігіне, Ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарына әскери міндеттілердің жиындарына шақырылған, қоғамға жат көріністерге байланысты төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына –5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына -5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) 9 мамыр - Жеңіс күніне орай:

      Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай – ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау жөніндегі басқа да ұрыс операциялары кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен жасырынып жұмыс істеушілеріне –1 500 000 (бір жарым миллион) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылыс жайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілер–1 500 000 (бір жарым миллион) теңге мөлшерінде

       майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдар – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының әскерлері мен ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдары - 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдар - 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдар - 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерi - 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен марапатталған азаматтар - 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар - 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген ішкі істер органдарына және бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары - 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар - 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектiлiк және авариялық командаларының өзiн-өзi қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасылары, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыскерлерінiң отбасылар - 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысының кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы) -30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар - 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар –5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай:

      бұрынғы КСР Одағы аумағында саяси қуғын – сүргіндерге тікелей ұшыраған және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдарға -15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Қазақстан Республикасының қазіргі аумағын құрайтын аумақта оларға қуғын-сүргін қолданылғанға дейін тұрақты тұрған адамдарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:

      бұрынғы КСР Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргіндерді кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;

      Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде (қарапайым адамдар мен әскери қызметшілерді) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;

      Қазақстаннан тыс жерлерде әскери қызмет өткеру үшін шақырылғаннан кейін қуғын-сүргіндерді қолдануы;

      орталық одақтық органдардың шешімдері бойынша қуғын-сүргіндердің қолданылуы: КСР Одағы Жоғарғы Сотының және оның сот алқаларының, КСР Одағы біріккен мемлекеттік саяси басқармасының алқаларының, ішкі істер халық комиссариаты - мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі - КСР Одағының ішкі істер Министрлігі жанындағы ерекше кеңестің, КСР Одағы прокуратура комиссиясының және КСР Одағы ішкі істер халық комиссариатының Тергеу Істері жөніндегі комиссиясының және басқа да органдардың;

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылады;

      КСР Одағы мемлекеттік өкіметтің жоғары органдарының актілері негізінде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдарға -15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      ата–аналарымен бірге немесе олардың орнындағы адамдармен бірге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балаларына, сондай-ақ қуғын-сүргін кезінде он сегіз жасқа толмаған және оны қолдану нәтижесінде ата-анасының немесе олардың біреуінің қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балаларына - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

      6) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күніне орай:

      1986-1987 жылдары Чернобыль атом электрстанциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға -35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына- 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және басқа да радиациялық апаттар мен азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына -35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың әсеріне белгіленген тәртіппен байланысты болған сәуле ауруының салдарынан қайтыс болған немесе қайтыс болған мүгедектердің отбасыларына -35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына эвакуацияланған (өз еркімен кеткен) адамдарға -35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      7) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай:

      Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      "Қазақстанның Еңбек Ері","Халық қаһарманы" атағына ие болған адамдарға - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлерге, облыстың, ауданың құрметті азаматтарына -10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы өтемақылар төленеді;

      8) 31.12.2023 дейін қолданыста болды - осы шешімінің 3-тармағымен;

      9) 16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне: Қазақстан Республикасының қазіргі аумағында өздеріне қуғын-сүргіндер қолданылғанға дейін тұрақты өмір сүрген адамдарға, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, оларға қатысты қылмыстық істерді қараудың қолданыстағы тәртібі сақталатын – 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 05.03.2024 № 8-12-22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      7. Толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетіледі, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір реттік мөлшерінен аспайтын, біржолғы 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ескеріле отырып, сонымен қатар келесі негіздер бойынша ұсынылады:

      жетімдік;

      ата-ана қамқорлығының болмауы;

      әлеуметтік маңызы бар аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тіршілік әрекетінің шектелуі;

      жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы;

      пробация қызметінің есебінде болу.

      8. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың мынадай санаттарына кірістер есепке алынбай көрсетіледі:

      1) азаматқа (отбасына) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өзіне не оның мүлкіне нұқсан келтіру себебінен–бір мезгілде тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, көрсету мерзімі оған (оған) нұқсан келтірілген кезден бастап алты айдан кешіктірілмей) табиғи зілзала, өрт фактісін растайтын құжат негізінде мүлікке;

      2) әлеуметтік маңызы бар аурулардың салдарынан мұқтаж деп танылған адамдарға (отбасыларға):

      медициналық мекеменің анықтамасына сәйкес амбулаториялық бақылаудағы қатерлі ісіктері бар азаматтарға жылына 1 (бір) рет 10(он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын медициналық мекеменің анықтамасы негізінде тұрақты күтім жасау және қосымша күшейтілген тамақтану үшін адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауруы бар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде;

      туберкулез ауруы бар диспансерлік есепте тұрған адамдарға ай сайын 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, Айыртау ауданының аудандық ауруханасы ұсынатын тізімдер негізінде қосымша тамақтануға беріледі;

      9. Әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына табыстарын есепке алмай көрсетіледі:

      Заңның 8-бабы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көрсетілген басқа да адамдарға тіс протездеу ақысын төлеуге, бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа, біржолғы 70 (жетпіс) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомадан аспайтын;

      Заңның 8-бабы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумақтарындағы соғыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңның 8-бабында көрсетілген басқа да адамдарға коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу шығындарын өтеу үшін ай сайын 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Заңның 8-бабы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көрсетілген басқа да адамдарға жалпы аурудан бірінші, екінші, үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға және жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтардағы мүгедектігі бар балаларға Қазақстан Республикасының санаторийлерінде (профилакторийлерінде) санаторий-курорттық ем алуға,санаторий-курорттық картадан көшірме ұсынымен өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша емдеу-алдын алу мекемесінің ұсынымдарына сәйкес, жылына 1 (бір) рет санаторий-курортық емдеу құны мөлшерінде;

      Заңның 8-бабы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 8-бабында көрсетілген басқа да адамдарға, жалпы аурудан бірінші, екінші, үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға және жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтатардағы мүгедектігі бар балаларға Қазақстан Республикасының аумағында, жол жүру құжатын көрсете отыра, теміржол (плацкартты вагон), жолаушылар тасымалдайтын автомобиль көлігімен (таксиден басқа) жол жүру станциясынан ауруханаға жатқызылатын жерге дейін және кері жол жүруге мұқтаждығы, сондай-ақ мүгедектігі бар балаларды алып жүретін азаматтарға жөнелту станциясынан ауруханаға жатқызу орнына дейін және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша теміржол (плацкарт вагон), автомобиль жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) жол жүру құны мөлшерінде, растайтын құжаттарды ұсынған кезде;

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрі-Премьер-Министр орынбасарының "Мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бар адамды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емдеу беру қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 30маусымдағы № 283 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32988 болып тіркелген) мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емдеу түрінде медициналық оңалту берілмеген жағдайда, жалпы аурудан бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге және жеті жасқа дейінгі мүгедек балаларға, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтардағы мүгедектерге, мүгедек балаларға санаторий-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларына сәйкес санаторий-курорттық емдеуді алмаған жағдайда әлеуметтік көмек жылына 1 (бір) рет іске асырылады;

      бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін санаторлық-курорттық емделуге,уәкілетті ұйымның тізімі негізінде жеке көмекшінің еріп жүруіне 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарына, жүріп-тұруы қиын бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік такси қызметін ұсынуға және (инватакси) автотранспорттық қызметтерін көрсетуге дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бар мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға біржолғы 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      10. Жиынтық табыс "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32609 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларына сәйкес есептеледі.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      11. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидалардың 13-21- тармақтарына сәйкес айқындалады.

      Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО белгілейді, содан кейін уәкілетті ұйымға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.

      Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінен немесе отбасы атынан Үлгілік қағидалардың 12-тармағына сәйкес құжаттар тізбесі қоса берілген өтінішті әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне ұсынады.

      Әлеуметтік көмек тағайындауын жүзеге асатын уәкілетті органмен қабылдаған шешімге шағымдану тәртібі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наруыздағы № 84 "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелер туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізілімінде № 22394 болып тіркелген) анықталған.

      13. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Айыртау ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы өтініш берушілердің жеке шоттарына сомаларды аудару жолымен жүзеге асырады.

      14. Әлеуметтік төлемдер 451-007-000 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.

      15. Әлеуметтік көмек мына жағдайларда тоқтатылады:

      1) алушы қайтыс болғанда;

      2) алушы Айыртау ауданының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткенде;

      3) алушыны мемлекеттік немесе жеке медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген кезде;

      4) өтініш беруші жалған мәліметтерді ұсынғаны анықталғанда;

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      16. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.

      17. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес"автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Айыртау ауданы мәслихатының
  2023 жылғы 20 қарашадағы
  № 8-9-2 шешіміне
  қосымша

Айыртау ауданы мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 қарашадағы № 6-47-17 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6741 болып тіркелген).

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 мамырдағы № 7-5-1 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы"Айыртау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 қарашадағы № 6-47-17шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7422 болып тіркелген).

      3. Солтүстік Қазақстан облысыАйыртау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 7-9-1 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Айыртау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 қарашадағы № 6-47-17 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24587 болып тіркелген).

      4. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 31 наурыздағы № 7-17-1 "2020 жылғы 25 қарашадағы № 6-47-17 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Айыртау аудандық мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы"шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27494 болып тіркелген).

      5. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 7-20-15 "Айыртау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 қарашадағы "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 6-47-17 шешіміне өзгеріс енгізу туралы"шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29811 болып тіркелген).

      6. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 мамырдағы № 8-3-3 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Айыртау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 қарашадағы № 6-47-17 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7503-15 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады