Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 89 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 1 қарашадағы № 390 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 қарашада № 25036 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 89 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5331 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Айыртау ауданының әкімі Е. Бекшенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Солтүстік Қазақстан облысы

      Айыртау ауданының мәслихаты

  Айыртау ауданы әкімдігінің
  2021 жылғы 1 қарашадағы
  № 390 қаулысына
  қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Айыртау ауданы әкімдігінің
  2019 жылғы " 8 " сәуір
  № 89 каулысына
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық және қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

      2) аудандық маңызы бар Жұмыспен қамту орталығының сектор басшысы;

      3) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      4) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      5) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      7) халықты жұмыспен қамту орталығының ассистенті;

      8) жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар.

      2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысы (директоры);

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысының(директорының)орынбасары;

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік қазыналық кәсіпорны кітапхана меңгерушісі (басшысы);

      4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік қазыналық кәсіпорны сектор басшысы;

      5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының көркемдік жетекшісі;

      6) музыкалық жетекші - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      7) аккомпаниатор - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      8) библиограф - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      9) дыбыс жазба операторы;

      10) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер) - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      11) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер) - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      12) кітапханашы - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      13) хореограф - біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар;

      14) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер) - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      15) редактор (негізгі қызметтер) - біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады