Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Айыртау ауылы халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы ономастикалық комиссияның 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Володар ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Володар ауылдық округі Айыртау ауылының Советская көшесінің атауы Абай көшесіне қайта аталсын.
2.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Володар ауылдық округі әкімі | Е. Касымгалиев |