"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында барлық кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 309 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 189 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 шілдеде № 23604 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында барлық кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 309 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6767 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында барлық кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы";

      көрсетілген қаулының 2-тармағы алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Тастемиров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Солтүстік Қазақстан облысы

      Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның

      сайлау комиссиясымен

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ғабит Мүсірепов атындағы
  аудан әкімінің
  2021 жылғы 16
  шілдедегі
  № 189 қаулысына
  қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ғабит Мүсірепов атындағы
  аудан әкімдігінің
  2020 жылғы 2
  желтоқсандағы
  № 309 қаулысына
  1- қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында барлық кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекен атауы

Орналастыру орындары

1.

Андреевка ауылы

Советская көшесі, № 51а, "Жарық-2005" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Жастардың демалыс орталығы ғимаратының жанындағы стенд (келісім бойынша)

2.

Бірлік ауылы

Киров көшесі, № 5, "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

3.

Возвышенка ауылы

Мир көшесі, № 1, "Возвышенка СК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі асханасы ғимаратының жанындағы стенд (келісім бойынша)

4.

Дружба ауылы

Советская көшесі, № 46, "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Дружба ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

5.

Көкалажар ауылы

Чеботарев көшесі, № 27, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Көкалажар орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

6.

Сокологоровка ауылы

Новая көшесі, № 8, "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

7.

Ломоносовка ауылы

Комсомольская көшесі, № 3, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Ломоносов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

8.

Нежинка ауылы

Садовая көшесі, № 12, "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

9.

Новоишим ауылы

Абылай хан көшесі, № 19, "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд

10.

Новоселовка ауылы

Целинная көшесі, № 24, "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоселов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

11.

Рузаевка ауылы

Рузаев көшесі, № 123, "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

12.

Салқынкөл ауылы

Школьная көшесі, № 9, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Салқынкөл орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

13.

Тахтаброд ауылы

Садовая көшесі, № 42, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Тахтаброд орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

14.

Червонное ауылы

Новоселов көшесі, № 39, "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Червонный ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

15.

Чистополье ауылы

Ленин көшесі, № 99, "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд

16.

Шөптікөл ауылы

Целинная көшесі, № 25, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Шөптікөл орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

17.

Шұқыркөл ауылы

А.Нұрқатов көшесі, № 26а, "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шұқыркөл ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады