Шектеу іс-шараларын тоқтату және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Тахтаброд ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 15 ақпандағы № 11 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Тахтаброд ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 21 мамырдағы № 27 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 26 мамырда № 22823 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Ғабит Мүсірепов ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 09-08/246 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Тахтаброд ауылдық округінің Ковыльное ауылында орналасқан "Ақселеу" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылығы фермасының аумағында орнатылған шектеу іс-шаралары ірі қара мал арасында ринотрахеит ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты тоқтатылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Тахтаброд ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 15 ақпандағы № 11 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7134 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тахтаброд ауылдық округі әкімі С. Жильцов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады