"Азаматтық қызметші болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихатының 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 34/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 9/6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 желтоқсанда № 25917 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Азаматтық қызметші болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихатының 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 34/3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5382 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтық қызметші болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыланатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленсін.".

      2. Осы шешім алғашқы жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл ауданы мәслихатының хатшысы Л. Топорова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады