Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Полудин ауылы халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Полудин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Полудин ауылдық округінің Полудин ауылының келесі көшелеріне қайта атау берілсін:
Ленин көшесіне – Абай Кұнанбаев көшесі;
Буденный көшесіне – Мағжан Жұмабаев көшесі;
Дзержинский көшесіне – Достық көшесі;
Комсомол көшесіне – Шоқан Уәлиханов көшесі;
Куйбышев көшесіне – Ғабит Мүсірепов көшесі;
Октябрьская көшесіне – Н.Ковшова көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | М. Калиев |