Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Макашевка ауылының Колхозная көшесінің атауын Бурабай көшесіне қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Рощинск ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № 3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 17 ақпанда № 7136 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2 тармағына сәйкес, Макашевка ауылы халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы ономастикалық комиссиясының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Рощинск ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Рощинск ауылдық округі Макашевка ауылының Колхозная көшесінің атауы Бурабай көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рощинск ауылдық округінің әкімі А. Галиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады