Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Кодекс) 510-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері туралы" Тимирязев аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы № 21/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4619 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Жер салығының мөлшерлемелері Кодекстің 505, 506-баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен елу пайызға арттырылсын.
Осы тармақтың ережелері Кодекстің 509-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таралады.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
А. Асанова |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | А. Асанова |