Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Ақсуат ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Ақсуат ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 30 сәуірде № 7390 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2 тармағына сәйкес, Ақсуат ауылы халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Ақсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Ақсуат ауылының келесі көшелері қайта аталсын:

      Красноармейская көшесі Меңдеке батыр көшесіне;

      Пролетарская көшесі Ақсуат көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі А. Сыздыкова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады