Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Семипол ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Семипол селолық округі әкімінің "Шал ақын ауданы Семипол селолық округінің Балуан селосының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы" 2009 жылғы 2 желтоқсан №15 шешіміне (2010 жылы 5 ақпанда "Новатор" және "Парыз" аудандық газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13-14-90 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешiмнің мемлекеттік тілдегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селосы", "селолық", "селосының" сөздері тиісінше "ауылы", "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің орыс тіліндегі деректемелері мен мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Р. Ескулов |