Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 31/4 "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласының және ауылдық елді мекендерінің жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 1/8 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 21 қаңтарда № 7097 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8-бабының 2-тармағына, 11-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласының және ауылдық елді мекендерінің жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 31/4 шешіміне (2018 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5068 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімге 2-қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген шешімнің 4-қосымшасында:

      Кривощеков ауылдық округінде реттік нөмірі 4-жол алып тасталсын;

      Сухорабов ауылдық округінде реттік нөмірі 2-жол алып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы мәслихаты
сессиясының төрағасы
С. Окунев
      Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы
мәслихатының хатшысы
О. Амрин

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Шал ақын ауданы мәслихатының
  2021 жылғы 15 қаңтардағы
  № 1/8 шешіміне
  қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Шал ақын ауданы мәслихатының
  2018 жылғы 7 желтоқсандағы
  № 31/4 шешіміне
  2- қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласының бағалау аймақтарының шекаралары

Аймақтың №

Аймақ шекараларының сипаттамасы

I

Сергеевка қаласының орталық бөлігін алады. Аймақ шекарасы солтүстік жағынан Ғалым Қадыралин атындағы көше бойынша, шығыс жағынан Павел Гончар көшесі бойынша, оңтүстік жағынан Есім Шайкин атындағы көше бойынша және батыс жағынан Бейбітшілік көшесі бойынша өтеді.

II

Сергеевка қаласының солтүстік орталық бөлігін алады. Аймақ шекарасы солтүстік-батыс жағынан Сергеевка қаласының қалыптасқан шекарасы бойынша, солтүстік жағынан айналма жол бойынша, батыс жағынан Павел Гончар көшесі бойынша, оңтүстік-батыс жағынан Ғалым Қадыралин атындағы көше және Бейбітшілік көшесі бойынша өтеді, аймақтың оңтүстік шекарасы Промышленная көшесі және Ақанбарақ ауылына апаратын жол бойынша Сергеевка қаласының елді мекенінің шекарасына дейін өтеді.

III

Сергеевка қаласының солтүстік және батыс бөліктерінде орналасқан. Аймақ шекарасы солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс жақтарынан Сергеевка қаласының қалыптасқан шекарасы бойынша, оңтүстік-батыс жағынан "Волошинка-Сергеевка-Тимирязево" облыстық маңызы бар жол бойынша, Павел Гончар көшесі және айналма жол бойынша өтеді.

IV

Сергеевка қаласының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Аймақ шекарасы солтүстік жағынан Есім Шайкин атындағы көше бойынша өтеді, солтүстік-шығыс жағынан Павел Гончар көшесі бойынша және "Волошинка-Сергеевка-Тимирязево" облыстық маңызы бар автожол бойынша, шығыс және оңтүстік жақтарынан Сергеевка қаласының қалыптасқан шекарасы бойынша, батыс жағынан "Марьевка" тас жолы және Бейбітшілік көшесі бойынша өтеді.

V

Сергеевка қаласының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Аймақ шекарасы солтүстік-шығыс жағынан Ақанбарақ ауылына апаратын автожол және Промышленная көшесі бойынша, шығыс жағынан Бейбітшілік көшесі және "Марьевка" тас жолы бойынша өтеді, аймақ шекарасы оңтүстік және батыс жақтарынан Сергеевка қаласының қалыптасқан шекарасы бойынша өтеді.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады