Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Аютас ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 8 қазандағы № 12 "Шал ақын ауданы Аютас селолық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Аютас ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 2 шешімі. Солтүстіқ Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 19 қаңтарда № 7089 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Аютас ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Аютас селолық округі әкімінің "Шал ақын ауданы Аютас селолық округі елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы" 2010 жылғы 8 қазандағы № 12 шешіміне ( 2010 жылдың 5 қарашасында "Новатор" және "Парыз" аудандық газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-14-113 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешiмнің қазақ тілдегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосы" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылсын;

      шешімнің орыс тіліндегі деректемелері мен мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Н. Таласбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады