Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Шал ақын ауданы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 21-34/460 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округінің Кеңес ауылының, "Агро Кеңес" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің, "Байдалин" жеке кәсіпкердің және "Әмірхан" фермер қожалығының аумақтарында белгіленген, ірі қара малдың бруцеллез ошағын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты, шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 15 шілдедегі №4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №6452 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жанажол ауылдық округінің әкімі | С. Естаев |