Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 15 шілдедегі № 4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 шілдеде № 6452 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің 29.11.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармағына сәйкес, Шал ақын ауданы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 05 маусымдағы №20-34/279 ұсынысы негізінде, Жаңажол ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округінің Кеңес ауылының, "Агро Кеңес" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің, "Байдалин" жеке кәсіпкердің және "Әмірхан" фермер қожалығының аумақтарында, ірі қара малда бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі М. Сулейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады