Атырау облысы Қызылқоға және Мақат аудандарының шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 наурыздағы № 25-VI шешімі және Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 58 бірлескен қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 17 наурызда № 4897 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 27, 37-баптарына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VII шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті II сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Атырау облысы Қызылқоға ауданының жер қорынан жалпы көлемі 413361,86 гектар жер учаскесін қосу арқылы Атырау облысы Мақат ауданының шекаралары өзгертілсін.

      2. Атырау облысы Мақат ауданына жер қорынан жалпы ауданы 413361,86 гектар жер учаскесін беру арқылы Атырау облысы Қызылқоға ауданының шекаралары өзгертілсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Қ. Нұрлыбаевқа және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А. Абдоловқа жүктелсін.

      4. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау облысының әкімі М. Досмухамбетов
      Сессия төрағасы А. Абдолов
      Мәслихат хатшысы А. Наутиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады