Атырау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 наурыздағы № 27-VІI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 19 наурызда № 4898 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, VII шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті II сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Атырау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Атырау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін (Е. Барлыбайұлы).

      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Абдолов
      Мәслихат хатшысы А. Наутиев

  Атырау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 наурыздағы № 27-VII шешіміне қосымша

Атырау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы тізбесі

      1) Атырау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 28 қазандағы № 56-VI "Атырау қаласы және Атырау қаласы маңындағы елді мекендердің аумақтарында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3700 тіркелген, 2016 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      2) Атырау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 28 қазандағы № 57-VI "Индер ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3697 тіркелген, 2016 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      3) Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 21 маусымдағы № 329-VI "Атырау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 28 қазандағы № 57-VI "Индер ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4432 тіркелген, 2019 жылы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      4) Атырау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 28 қазандағы № 58-VI "Исатай ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3698 тіркелген, 2016 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      5) Атырау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 28 қазандағы № 59-VI "Құрманғазы ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3696 тіркелген, 2016 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      6) Атырау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 28 қазандағы № 60-VI "Мақат ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3693 тіркелген, 2016 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      7) Атырау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 28 қазандағы № 61-VI "Махамбет ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3699 тіркелген, 2016 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      8) Атырау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 72-VI "Жылыой ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3736 тіркелген, 2017 жылы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      9) Атырау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 73-VI "Қызылқоға ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3742 тіркелген, 2017 жылы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады