2021 жылға арналған Атырау облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттар, субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 271 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 желтоқсанда № 25517 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27, 37 баптарына, "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2021 жылға арналған Атырау облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттар, субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Қ.Е. Нұрлыбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Атырау облысының әкімі М. Досмухамбетов

  Атырау облысы әкімідігінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 271 қаулысына қосымша

2021 жылға арналған Атырау облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттар, субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 басқа арналған субсидия нормативі, теңге

Өлшем шарттары

Өтінім беру мерзімі

1

Сүтті және сүтті етті бағыттағы ірі қара малдың аналық басы

бас

120 000

өтінім берген сәтте (13 айдан асқан сиыр мен қашарлардың) меншікті аналық басының 600 бастан кем емес болуы

Ағымдағы жылғы 30 қарашадан бастап 20 желтоқсанға дейін

2

Ірі қара малдың аналық басы

бас

21 000

1) өтінім берген сәтте (18 айдан асқан сиыр мен қашарлардың) меншікті аналық басының 25 бастан кем емес болуы;
2) жайылымдардың болуы

3

Ұсақ малдың аналық басы

бас

4 000

1) өтінім берген сәтте (12 айдан асқан аналықтардың) меншікті аналық басының қойлардың 200 бастан кем емес болуы;
2) жайылымдардың болуы

4

Жылқылардың аналық басы

бас

8 000

1) өтінім берген сәтте (аналық бастың жасы 36 айдан) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы;
2) жайылымдардың болуы

5

Түйелердің аналық басы

бас

8 000

1) өтінім берген сәтте (аналық бастың жасы 36 айдан) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы;
2) жайылымдардың болуы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады