Атырау қаласы маслихатының 2020 жылғы 28 ақпандағы № 478 "Атырау қаласында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы" шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 18 ақпандағы № 20 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 4 наурызда № 4893 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау қаласы маслихатының 2020 жылғы 28 ақпандағы № 478 "Атырау қаласында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4601 болып тіркелген, 2020 жылы 11 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) (әрі қарай - Шешім) келесідей өзгеріс және толықтыру енгізілсін:

      1) 1-қосымшаның 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аз қозғалатын топтардың көлік құралдарын және велотранспортты қоятын тұрақтар";

      2) Шешім "2-1. Салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын орналасқан елді мекен Атырау қаласы болып айқындалсын." деген 2.1. тармақпен толықтырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау Атырау қаласы Мәслихатының инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысы саласы бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      III cессия төрағасы Г. Канатов
      Атырау қаласы
Мәслихатының хатшысы
К. Джаумбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады