Атырау қаласында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

Жаңартылған

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 28 ақпандағы № 478 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 наурызда № 4601 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 505-бабына, 509-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау қаласында орналасқан автотұрақ (паркингтер) санаттары осы шешімінің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Автотұрақ (паркингтер) санаттарына байланысты Атырау қаласындағы автотұрақтар (паркингтер) үшін алынған жерлерге базалық салық мөлшерлемелері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес ұлғайтылсын.

      2-1. Салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын орналасқан елді мекен Атырау қаласы болып айқындалсын.

      Ескерту. Шешім 2-1-тармақпен толықтырылды - Атырау облысы Атырау қаласы мәслихатының 18.02.2021 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Атырау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 309 "Атырау қаласында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге арналған базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4311 болып тіркелген, 2019 жылдың 8 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау Атырау қаласы Мәслихатының инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысы саласы бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      LVI сессия төрағасы Р. Гилажев
      Атырау қаласы
Мәслихатының хатшысы
А. Зайдуллин

  Атырау қаласы Мәслихатының 2020 жылғы 28 ақпаны № 478 шешіміне 1 қосымша

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Атырау облысы Атырау қаласы мәслихатының 18.02.2021 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Автотұрақтардың (паркингтердің) типтері және түрлері

Автотұрақтар (паркингтер) мақсаты

Атырау қаласындағы нысаналы мақсат жіктемесіне сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Автотұрақтар (паркингтер) санаты

1

Қызметтік автотұрақтар (паркингтер)

Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын тегін негізде сақтау

Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін

І санат

2

Айып автотұрақтары

Автокөлік құралдарын айып автотұрақтарында сақтау

Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін

І санат

3

Аз қозғалатын топтардың көлік құралдарын және велотранспортты қоятын тұрақтар

Аз қозғалатын топтардың автокөлік құралдарын және велотранспортты сақтау

Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін

І санат

4

Тәулік бойы бір орынға бірнеше жүк машиналары қойылатын және сағаттық немесе тәуліктік тариф қолданатын автотұрақтар (паркингтер)

Бекітілген тариф бойынша ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға тиесілі жүк автокөлік құралдарын қысқа мерзімде сақтау

Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін

ІІ санат

5

Ғимараттардың цокольді және (немесе) жерасты деңгейінде орналасқан және осындай ғимараттардың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын автотұрақтар (паркингтер), автотұрақтар орындары

Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын ақылы негізде сақтау

Автотұрақтары (паркингтері) бар ғимараттарды, құрылыстарды пайдалану және қызмет көрсету үшін

ІІ санат

 
6

Тұрақты орындары белгіленген күрделі құрылыспен байланысты көп деңгейлі автотұрақтар (паркингтер)

Жыл сайын белгіленген төлем төлейтін жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын сақтау

Көп деңгейлі автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін

ІІ санат

7

Тәулік бойы бір орынға бірнеше жеңіл машина қойылатын және сағаттық немесе тәуліктік тариф қолданатын автотұрақтар (паркингтер)

Бекітілген тариф бойынша ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын қысқа мерзімде сақтау

Автотұрақтарды (паркингтер) пайдалану және қызмет көрсету үшін

ІІІ санат

  Атырау қаласы Мәслихатының 2020 жылғы 28 ақпаны № 478 шешіміне 2 қосымша

Автотұрақтарға (паркингтерге) арналған жерлер үшін салықтық базалық мөлшерлерінің ұлғаю мөлшері

Автотұрақ (паркинг) санаты

Салықтық базалық мөлшерлерінің ұлғаюы (есе)

1

І санат

1

2

ІІ санат

5

3

ІІІ санат

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады