"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 және 31 баптарына сәйкес, Исатай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Исатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Жалпы аумағы 307,46 гектар, ұзындығы 8477,96 метр болып Исатай ауданы Исатай ауылдық округі Исатай ауылының шекарасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Исатай ауданы әкімінің орынбасарына (Б. Сисатов) және Исатай аудандық мәслихатының заңдылықты сақтау, құқық қорғау, депутаттық әдеп жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасына (А. Сидегалиев) жүктелсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | П. Хасанов |
Сессия төрағасы | Н. Кайрденов |
Мәслихат хатшысы | Н. Муханбеталиев |
Исатай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 мамырдағы № 117 мен Исатай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 14 мамырдағы № 39-VII бірлескен қаулысы мен шешіміне қосымша |
Атырау облысы Исатай ауданы Исатай ауылдық округі Исатай ауылының әкімшілік шекарасының жоспары
Шекараның жалпы аумағы – 307,46 гектар
Шекараның ұзындығы – 8477,96 метр
Аудан әкімі | П. Хасанов |
Сессия төрағасы | Н. Кайрденов |
Мәслихат хатшысы | Н. Муханбеталиев |