Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы Зинеден ауылдық округі әкімінің 15.07.2021 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Исатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 10-10/81 ұсынысы негізінде Зинеден ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зинеден ауылдық округі, Зинеден ауылы, Ынтымақ көшесі, 18 үй Г. Умбеткалиев ауласында мүйізді ірі қара малының арасынан бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Исатай аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Исатай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зинеден ауылдық округінің әкімі | Е. Махсотов |