Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Исатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 21 маусымдағы № 10-10/125 ұсынысы негізінде Зинеден ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі қара малдарының бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Зинеден ауылдық округі, Зинеден ауылы, Ынтымақ көшесі, 18 үй Г. Умбеткалиев ауласында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Зинеден ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 5 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4943 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. "Атырау облысы Исатай ауданы Зинеден ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Исатай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Зинеден ауылдық округінің әкімі |
М. Қайратова |