Шектеу іс-шараларын тоқтату және Миялы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 35 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 19 шілдедегі № 143 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 21 шілдеде № 23628 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабы 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабыны сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 28 маусымдағы № 11-10/158 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Миялы ауылдық округінің Ы. Алтынсарин көшесінде мүйізді ірі қара малдары арасында құтырық ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Миялы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 35 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4935 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Миялы ауылдық
округінің әкімі
С. Салыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады