Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 21 шілдедегі № 107 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 шілдеде № 23653 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28 бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, Мақат ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      2. Мақат ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 95 "Қазақстан Республикасы Президентіне, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4406 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мақат ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мақат ауданының әкімі Ш. Кейкин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Мақат аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясы

  Әкімдіктің 2021 жылғы 21 шілдедегі № 107 қаулысына қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді-мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Мақат кенті

"Атырау облысы Білім беру басқармасының Мақат ауданы білім бөлімінің "Муса Баймұханов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд

2

Мақат кенті

"Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мақат аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

3

Доссор кенті

"Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Доссор мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

4

Доссор кенті

"Атырау облысы Білім беру басқармасының Мақат ауданы білім бөлімінің "Абай Құнанбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд

5

Бәйге төбе ауылдық округі

"Атырау облысы Білім беру басқармасының Мақат ауданы білім бөлімінің "Бәйге төбе мектеп-бөбекжай кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады