Қазақстан Республикасы Президентіне, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 95 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 23 мамырда № 4406 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 21 шілдедегі № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 21.07.2021 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына сәйкес, Мақат ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, аудандық аумақты сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Қазақстан Республикасы Президентіне, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      2. Мақат ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 47 "Қазақстан Республикасы Президентіне, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3127 болып тіркелген, "Мақат тынысы" газетінде 2015 жылғы 19 наурызда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мақат ауданы әкімінің орынбасары Н.Ерғалиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Қарағаев

  Мақат ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "21" мамырдағы № 95 қаулысына қосымша

Мақат ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Президентіне, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының ТІЗБЕСІ

Елді-мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орны

1

Мақат кенті

"Муса Баймұханов атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд

2

Мақат кенті

"Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мақат аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

3

Доссор кенті

"Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Доссор мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

4

Доссор кенті

"Мақат аудандық білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Абай Құнанбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд

5

Бәйгетөбе ауылдық округі

"Мақат аудандық білім беру бөлімінің Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады